Елена Рыбакина WTA турнирінің орнына немен айналысуда: Қазақстан теннис Федерациясы жауабы

instagram.com/lenarybakina фото на taspanews.kz от 12 сентября 2024 16:58
Фото: instagram.com/lenarybakina

Жақында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Сеулде өтетін WTA кезекті турниріне қатыспайтындығы белгілі болды. Әлеуметтік желідегі көптеген жанкүйерлер спортшыны "турнирлерден бас тарту ханшайымы" деп атады. Taspanews.kz редакция тілшісі спортшыға не болғанын, сондай-ақ теннисшінің турнирлерге қатыспауының себебін білу үшін Қазақстан Республикасының теннис федерациясы өкілімен байланысқа шықты.


Соңғы жылдарда Елена Рыбакина бірнеше рет турнирлерге қатысудан бас тартқан. Спортшының Азиада мен Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартуы әсіресе есте қалды. Сонымен қатар, ол WTA рейтингтік турнирлерін бірнеше рет өткізіп алды. Бұған себеп әр түрлі болды. Мәселен, жарыстардың ішінде ең "маңыздысын" таңдап-талдау, жұмыс кестесіне жарысты кіріктіре алмау, ауру-сырқау мен жарақаттану. Ресми мәліметке сәйкес, теннисші денсаулығына байланысты соңғы үш ірі жарысты – Олимпиаданы, US Open және Сеулдегі WTA турнирін жіберіп алды.


Қазақстан Республикасының теннис федерациясы "Ұзақ уақытқа созылған денсаулықтың сыр беруі салдарынан болған үзілістің" себебін түсіндіру туралы өтінішімізге жауап қайтарылмады.


"Әзірге түсініктеме бере алмаймыз, себебі Елена ем қабылдауда. Рахмет", - деп хабарлады федерация.

Айта кетсек, теннисшінің өзі бұл жағдай туралы сөз қозғамады. Ғаламторда болса түрлі қауесеттер пайда болды. Көптеген жанкүйерлер "бас тартудың" себебі теннисшінің жеке жаттықтырушысы Стефано Вуковтың кетуі болуы мүмкін деп күдіктенді. Жанкүйерлер маманның WTA жаттықтырушыларының ресми тізімінен бірден шығарылғанына ерекше назар аударды. Мұндай күтпеген шешімнің себептері әлі күнге дейін құпия болып келеді.


Қазақстандық теннисші мәлімдеген келесі турнир Ухань қаласындағы WTA 1000 болды. Жарыс 7-13 қазан аралығында өтеді. Турнирдің сайтында Рыбакина төртінші нөмірді алды, ол оның Әйелдер теннис қауымдастығының рейтингіндегі орнына ұқсас. Уханьдағы жарыстар Пекиндегі WTA-1000 турнирінен кейін бірден өтетініне ескерсек. Алайда, Рыбакинаның Қытай астанасында өтетін жарысқа қатысуы туралы әлі ақпарат жоқ.


Еске салсақ,  Taspanews.kz редакциясы бұрынырақ адам бронхиттен айығуы үшін қанша уақыт қажет екенін жазған, сонымен қатар біздің теннисші айыға салып бірден теннис алаңына шығу арқылы өзінің өміріне  қауіп төндірмейді ме деген сұраққа жауап алды.


Следите за новостями Taspanews