Еуро-2024 ширек финалдық жекпе-жектері: Испания мен Германия, Португалия мен Франция

Фото: instagram.com/euro2024

Бүгін, 5 шілдеде Германияда өтіп жатқан Еуропа - 2024 чемпионатының екі ширек финалдық матчы өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Осы кеште Штутгарттағы "MHP Аренасы" және Гамбургтегі "Фолькспаркштадион" ең жарқын эмоциялар орны болады. Бүгінгі нәтиже қатысушылардың турнирдегі орнын анықтайды.


Бүгінгі Астана уақыты бойынша ширек финал кестесі:


- 21:00: Испания-Германия;


- 00:00, 6 шілде: Португалия-Франция;


Матчтардың тікелей эфирін qazsporttv.kz телеарнасы көрсетеді.


Еске салсақ, осы жолы футболдан Еуропа чемпионаты Германияда өтіп жатыр, жарыс 14 шілдеге дейін жалғасады. Турнирдің қазіргі жеңімпазы – Италия.