Геннадий Головкин ХОК комиссиясының мүшесі болды

Фото: olympic.kz

Танымал қазақ боксшысы Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада комитетінің Olympism 365 комиссиясының мүшесі атанды, – деп хабарлайды Taspanews ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап


Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах ресми хатында хабарлады.


«Сізді комиссия мүшесі етіп тағайындау мен үшін үлкен мәртебе. Оның жұмысына қосатын құнды үлесіңіз үшін сізге алдын ала алғыс айтамын» Томас Бах

Бұл комиссиялар жоспарлау, іс-шараларды үйлестіру, стратегияларды әзірлеу функцияларын орындайды, сондай-ақ ұйымның Атқару комитетіне және жұмыс сессияларына бекітуге шешімдер ұсынады.


Olympism 365 комиссиясы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін спорттың өзектілігін арттыратын іс-шараларға назар аударады.


Комиссия құрамына ХОК мүшелері және Иорданияның мұрагер ханзадасы Фейсал Әл Хусейн, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының басшысы Себастьян Коу, Катар ҰОК президенті шейх Джоан бен Хамад бен Халифа Әл сияқты олимпиадалық қозғалыстың көрнекті қайраткерлері кіреді.