Италияда өткен халықаралық турнирде Қазақстан алтын жеңіп алды

 фото на taspanews.kz от 06 июня 2024 13:50
Фото: Midjourney

Италияда стенд атудан өткен халықаралық турнирде Қазақстан алтын жеңіп алды, - деп хабарлайды Taspanews ҚР ҰОК-қа сілтеме жасап.


Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Хасьянов трап бойынша алтын медальді жеңіп алды. Стендтен Эдуард Ещенко мен Диана Сабекова аралас командалар арасында көзге түсіп, қола жүлдеге ие болды.


Италияда өтіп жатқан әлемнің үздік мергендерінің турнирі 9 маусымға дейін жалғасады. Бұған дейін Эдуард Ещенко 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын.


Следите за новостями Taspanews