Қазақстан құрамасы хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатында 13-ші орын алды

 фото на taspanews.kz от 27 мая 2024 09:42
Фото: sports.kz

Қазақстан құрамасы элиталық дивизиондағы 2024 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрамалардың рейтингінде 13-ші орынға тұрақтады, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан құрамасы хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатында 13-ші орын алды. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) элиталық дивизиондағы 2024 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрамалардың мықтылығының рейтингін жариялады.


Рейтингтің бірінші орнына Чехия құрамасы жайғасты, одан кейінгі үштікті Швейцария мен Швеция құрамалары түйіндеді. Қазақстан құрамасы бұл тізімде 13-орынға тұрақтады. IIHF қазақстандық құрамаға «Қысқы Азия ойындарында бізді ешкім тоқтатпайды» деген жарқын ұранды ұсынды.


Франция, Ұлыбритания және Польша құрамалары Қазақстаннан төмен орналасқан. Қазақстандық хоккейшілер 2024 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмады, бірақ элиталық дивизионда қалып қойды.


Следите за новостями Taspanews