Қазақстан құрамасы маусым айында өтетін матчтың құрамын жариялады

 фото на taspanews.kz от 28 мая 2024 13:45
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға шақырылған кеңейтілген ойыншылар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армения және Әзірбайжан құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерге таңдалған спортшылар тізімін жариялады. Қазақстан құрамасының құрамы:


Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:


Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);


Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Руслан Валиуллин, Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Ян Вороговский, Александр Марочкин, (бәрі – «Астана»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов, Әлібек Қасым (бәрі – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей), Михаил Габышев («Елімай»), Әділхан Добай («Жетісу»);


Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – «Ордабасы»), Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Арман Кеңесов, Рамазан Оразов, Максим Самородов (бәрі – «Ақтөбе»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);


Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»), Владислав Прокопенко («Жеңіс»), Иван Свиридов («Елімай»);


Бапкерлер штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Арсений Савенко – сарапшы, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.


Қазақстан құрамасының матчтар күнтізбесі:


7 маусым


Армения – Қазақстан


В.Саркисян атындағы Республикалық стадион, Ереван, Армения


11 маусым


Әзербайжан – Қазақстан


«Халадаш» стадионы, Сомбатхей, Мажарстан.


Следите за новостями Taspanews