Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас өзінің келесі жекпе-жегінінің уақытын жариялады

Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) тағы да кезекті кәсіби жекпе-жекпен рингке шығуға дайындық үстінде, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


WIBF, WBC International, HOBO International, WBF және IBA World чемпиондық атақтарының иесі Ангелина лукас тамыз айында жекпе-жек өткізетінімен бөлісті.


Өзінің Instagram парақшасында Ангелина былай деп жазды: 


"Бір айдан кейін менің 12-ші жекпе-жегім өтеді, ол жаңа елде, титулды болады". 

Пост из социальной сети

 Еске салсақ, Ангелина Лукас биыл бес жекпе-жек өткізген болатын.