Қазақстандық волейболшылар ауыспалы кубокты жеңіп алды

Фото: Pexels

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Бахрейннің Мадинат-Исай қаласында ауыспалы кубоктың екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Taspanews ҚР ҰОК-қа сілтеме жасап.


Біздің волейболшылар кортта Тайланд құрамасымен кездесті. Ойын 3:2 (25-21, 22-25, 25-23, 19-25, 15-13) есебімен қазақстандықтардың тартысты жеңісімен аяқталды.


Айта кетейік, турнирдегі алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Пәкістан құрамасынан 0:3 есебімен ұтылып қалды.