Қазақстанның UFC-дегі жалғыз өкілінің жекпе-жегі өтеді
Фото: instagram.com/mma.mashka
Қазақстаннан UFC-де күресетін жалғыз спортшы Мария Агапова (10-4) АҚШ-тың Колорадо штатындағы Денвер қаласында өтетін UFC on ESPN 59 турнирінде Бразилиялық Луана Сантосқа (7-1) қарсы аренаға шығады деп хабарлайды Taspanews.kz.
Күрес 14 шілде күні таңертең өтеді. Жекпе-жектің трансляциясы Астана уақыты бойынша сағат 04:40-та басталады, оны UFC ресми сайтында көруге болады.
Агапова үшін бұл жекпе-жек екі жылдық үзілістен кейін қайта оралудың нышаны. Ол соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде октагонда екінші раундта канадалық қарсыласы Джиллиан Робертсоннан (14-8) жеңіліп қалды. Сонымен қатар, Луана Сантос жақында желтоқсан айындағы шекпе-жекте швейцариялық спортшы Стефани Эггерді (8-5) алқа қазылар алқасы шешімімен жеңді.