Кирилл Герасименко үстел теннисінен Олимпиада квотасын жеңіп алды

 фото на taspanews.kz от 12 июня 2024 16:57
Фото: ҚР ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко алдағы Олимпиада ойындарына жолдаманы қамтамасыз етті, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.


Ол іріктеу кезеңінде бірқатар рейтингтік жарыстарды сәтті аяқтап, Олимпиадаға жолдама алу үшін жеткілікті ұпай жинады. Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) жалпы рейтингтік кестесіндегі мәліметтерді жаңартқан кезде қазақстандық спортшы Олимпиадаға жолдама үшін таласатын барлық Азия теннисшілерінің арасында ең жоғары орынға шықты.


Герасименко бұған дейін екі рет Ойындарға қатысқан, оның жетістіктері Рио-2016 және Токио-2020, енді ол Париж-2024 Олимпиадасында бақ сынайтын болады.


Следите за новостями Taspanews