Михаил Кукушкин Ұлыбританияда өтіп жатқан Челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

 фото на taspanews.kz от 06 июня 2024 15:00
Фото: ҚР теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ұлыбританияда өтіп жатқан «Челленджер» санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Taspanews ҚР теннис федерациясына сілтеме жасап.


Турнирдің екінші айналымында Кукушкин британдық спортшы Пол Джуббаны жеңіп, кездесу 1:6, 6:3, 6:2 есебімен қазақстандық ойыншының пайдасына шешілді.


Енді ширек финалда Михаил Кукушкин тағы бір британдық Билли Харриспен кездеседі. Михаил Кукушкин қазір ATP әлемдік рейтингінде 136-шы орында тұр.


Следите за новостями Taspanews