Париж Олимпиадасына қатысатын Қазақстанның теннис командасы таныстырылды

Фото: ҚР ҰОК

ҚР Теннис федерациясы алдағы Париж Олимпиадасында ел атынан қатысатын спортшыларды таныстырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz OLYMPIC.KZ- ке сілтеме жасап.


Биылғы жылы Парижге Олимпиада ойындарына баратын қазақстандық теннисшілер аталды. Команданың соңғы құрамына Александр Бублик, Александр Шевченко, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева кірді. Сондай-ақ, Бублик Александр Недовесовпен бірге жұптық ойын санатында елдің намысын қорғайды.


Федерация хабарлағандай, іс-шараға іріктеу халықаралық рейтингтегі спортшылардың жағдайына сәйкес өтті: әйелдер үшін WTA және ерлер үшін ATP.