"Спорттық мектеп-интернаттарды қайта ашу керек": Александр Кузнецов Қазақстанда жасөспірімдер футболын дамыту туралы әңгіме өрбітті

Фото: pixabay.com

Осы аптада Ұлттар лигасында өтетін ойындарға баратын қазақстандық құраманың кеңейтілген құрамы белгілі болды. Көптеген жанкүйерлер мен сарапшылар үшін құрама таныс болды. Көптеген футболшылар ұзақ уақыт бойы біздің еліміз үшін түрлі әлемдік турнирлерде өнер көрсетіп келеді. Осыған қарамастан, ерте ме, кеш пе командаға "жаңа буын" келу қажет екені белгілі болады.


Футболдан ұлттық жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Александр Кузнецов Taspanews.kz тілшісімен Қазақстанда жас футболшылар жағдайы қандай екенін және елімізден өз Месси мен Роналдуымызды тәрбиелеу үшін не қажет екенін айтып берді.


Ұлттық құраманың негізі – 15 футболшы


"Ұлттық құрамаға келетін болсақ, мұнда бәрі өте айқын - Станислав Саламович тәжірибелі жаттықтырушы және кімді алу керек, кімді алмау керектігін жақсы түсінеді. Қазақстандағы барлық жанкүйерлер одан "жедел" нәтиже күтетіні түсінікті. Алайда, бұл іске жақындар – футболшылармен танысу үшін уақыт қажет екенін айтады. Ал ең жақсы "танысу" - бұл алаңдағы ойын", - деп түсіндірді жаттықтырушы.

Ол әзірге ұлттық құраманың құрамы әрбір қазақстандық жанкүйерге белгілі футболшылардан тұратынын атап өтті.


"Негізгі таңдаулы құрамада ұзақ уақыт бойы 15-ке жуық футболшы бар. Сондықтан алғашқы бастапқы матчтарда құрамдағы өзгерістерді көру екіталай. Жаттықтырушы қыр-сырын өзі біледі, сондықтан оның жұмысына араласудың қажеті жоқ", - деп атап өтті маман.

Жоғары деңгейде өнер көрсете алатын балалар өсуде


Кузнецовтың айтуынша, біздің елімізде сенім ұялататын жас футболшылар бар, яғни олар еліміздің бас командасына кіруге әбден талантты. Осымен жаттықтырушы жасөспірімдер құрамасында болашақта ең жоғары деңгейде дағдыларын көрсете алатын футболшылар барын айтты.


"Мен бұл үшін кешенді және жүйелі тәсіл қажет екенін бірнеше рет айтқанмын. Бізде үлкен үміт күттіретін жігіттер бар. Алайда, "ересек футболға" көшу жас футболшыға түрлі әсер қалдырады. Ол жай ғана ойнай алмай қалуы мүмкін, ал әлеуетін ашу үшін белгілі бір жұмыс жүру керек, соның ішінде жаттықтырушылардың футболшыға деген сенімі қажет", - деді маман.

Мәселен, жаттықтырушы алматылық "Қайрат" ойыншысы Еркебұлан Сейдахметтің жолын мысалға келтірді.


"Мен оны "Монтажник" әуесқой клубынан тауып алып, жасөспірімдер құрамасына тарттым. Біраз уақыттан кейін оны байқап қалып, елдің басты футбол командасында дебют жасай алды. Сонымен қатар, ол "ересектер футболына" оңай бейімделе алатындығын көрсете алды – Венгрия Мен Андорра командалары қақпасына гол соқты. Алайда, клубта ойыншы бірден бейімделе алмады. Жарақаттар мен жаттықтырушы тарапынан сенімсіздік оның негізгі құрамға кіруін тоқтатып, біраз уақытқа көзден таса болуына әсер етті. Абырой болғанда, қазіргі таңда ол өзінің бұрынғы шымырлығын оралды", - деп түсіндірді Кузнецов.

Ол талантты жас футболшыны табу жұмыстың бір бөлігі ғана екенін түсіндірді. Одан жоғары деңгейдегі кәсіпқойды тәрбиелеу үшін кешенді жұмыс қажет.


"Жас футболшыларға өз әлеуетін дамыту үшін клубтарда ойнауға рұқсат беру керек. Көріп отырғанымдай, "жастарға жол беретін" клубтардың бірі - "Қайрат". Клуб жас футболшыларға сенеді, алайда екінші айналымда біз олардың Қазақстан Премьер Лигасында танымал "легионерлерді күшейту" формуласына қалай ауысатынын көре аламыз. Клубқа да нәтиже керек", - деп атап өтті сарапшы.

Ол сондай-ақ Қазақстанның ең дарынды футболшыларының бірі Нұралы Әліптің жолын атап өтті.


"Оны уақытында байқап, "Қайратқа" ауыстырды, дамуына мүмкіндік берілді және қазір ол Ресей Премьер Лигасының ең мықты клубтарының бірінде ойнайды. Бір кездері онымен күшті легионерлер ойнады, оны алға сүйреп, ақыл-ой, физикалық және психологиялық тұрғыдан нығайтты", - деп атап өтті Кузнецов.

РСК жүйесін дамыту қажет


"Жас кадрларды" даярлауды дамытудың бір жолы – РСК жүйесі (Республикалық спорт колледжі).


"Егер әр қалада осы оқу орындарының бір бөлімшесі ашылса, Қазақстанда жас спортшылар "толқыны" пайда болмақ. Мұны осындай жолмен дамыту керек. Қазір біздің жасөспірімдер мен жастар құрамаларында әлемдік турнирлерде оңтайлы өнер көрсету үшін кейбір позицияларда проблема бар. Өз өмірін футболмен және спортпен байланыстырғысы келетін жас жігіттер үшін үлкен қолдау қажет. Сонымен қатар, елімізде спорт интернаттарын қайта ашу қажет", - деп атап өтті Кузнецов.

Сондай-ақ, жаттықтырушы жасөспірімдер футболын дамыту жүйесінде QJ-League үлкен серпін беретінін айтты.


"Бұл жоба тек таңданыс туғызады және жас ойыншыларға жетістікке жетуде үміт сыйлайды, сондай-ақ жарыстарды сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді", - деп түйіндеді жаттықтырушы.