"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес": Геннадий Головкин ҚР ҰОК басшысы ретіндегі басты мақсатын айқындады

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес": Геннадий Головкин фото на taspanews.kz от 01 июля 2024 15:22
Фото: Newtimes.kz

  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес": Геннадий Головкин ҚР ҰОК басшысы ретіндегі басты мақсатын айқындады


Қазақстанның атақты боксшысы Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) президенті ретінде өзінің басты ұстанымдарын айтты,– деп хабарлайды Taspanews.kz.


Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Головкин ҰОК-ты басқарады және оның негізгі міндеті – оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықты жою.


BoxingScene басылымына берген сұхбатында бұрынғы орта салмақтағы әлем чемпионы:


"Біз сыбайлас жемқорлықпен күресуге және оның пайда болуының барлық мүмкін жолдарын жоюға міндеттіміз. Бұл тек біздің елге ғана тән емес, жаһандық мәселе"

45 кәсіби жекпе-жек пен 42 жеңісті рекорды бар Геннадий Головкин 2022 жылдың қыркүйегінен бастап рингке шықпады. Головкин мансабын ресми түрде аяқтағанын жарияламады.  


Следите за новостями Taspanews