Титулды қазақстандық еркін күрескер допинг үшін үш жылға шеттетілді
Қазақстандық еркін күрескер, "алтын" және "қола" Азия чемпионаттарының иегері Талғат Сырбаз тыйым салынған препарат – дростанолонды қолданғаны үшін үш жылға шеттетілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Бұл ақпаратты ҚР Допингке қарсы ұлттық орталығы жариялады.
Танымал "Дядя Ваня" телеграм арнасының мәліметі бойынша, дростанолон бұлшықет массасын сақтау және спорттық өнімділікті арттыру үшін жиі қолданылады. Бұл препараттың бағасы он ампула үшін 18 000-36 000 теңге аралығында. Осылайша, Талғат Сырбаздың дисквалификациясы 2027 жылдың 30 сәуіріне дейінгі уақытты қамтиды.
Маусым айының басында Талғат Сырбаз алдағы Олимпиада ойындарына дайындық аясында Стамбулдағы соңғы іріктеу турниріне қатысуы керек еді. Алайда, соңғы сәтте оның орнын Нұрқожа Қайпанов басты.