Уимблдонның үшінші айналымына шығу үшін матч: Рыбакинанң қарсыласы кім?

Елена Рыбакинаның қарсыласы кім болады фото на taspanews.kz от 03 июля 2024 11:36
Фото: instagram.com/lenarybakina

WTA рейтингінде төртінші орында орналасқан қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 екінші айналымында Германия өкілі Лаура Зигемундпен кездеседі, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


72-ші орында тұрған Зигемунд бұған дейін Рыбакинамен ойында бірнеше рет жеңіліске ұшыраған. Олардың қарсыласу тарихы бес матчтан тұрады, оның төртеуі қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. 2019 жылы Рыбакина Австралияның Лонсестон қаласында (6:3, 4:6, 6:3) және Люксембургта (6:0, 6:4) өткен турнирлерде жеңіске жетті.


2022 жылы ол Билли Джин Кинг Кубогында (6:0, 6:1) және Словенияның Порторожа қаласында өткен турнирде бас жүлде алды (6:7, 6:4, 7:6). Неміс тенисшісі 2021 жылы Катардың Доха қаласында 7:6, 7:6 қорытынды есебімен бір ғана жеңіске жеткен.


Рыбакина мен Зигемунд арасындағы матч ертең, 4 шілдеде өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 15:00-те басталады.


Следите за новостями Taspanews