Жұптағы үздік қазақстандық теннисші Уимблдонның екінші айналымындағы қарсыластарымен танысты

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Уимблдонның екінші айналымында қытайлық Фан Сюймен бірге американдық дуэт Коко Гауфф пен Джессика Пегулаға қарсы ойнайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Олардың қарсыласуы ертең, 6 шілдеде, Астана уақыты бойынша сағат 15:00-те өтеді.


Бұрын Данилина-Сюй дуэті поляк теннисшілері Магдалена Фрех пен Катаржина Кавадан күштірек көрсеткіштер иеленген. Олар 6:4, 4:6, 7:6 (10:6) есеппен жеңген .


Еске салсақ, қазіргі уақытта Анна Данилина әлемдік рейтингте жұптық разрядта 52-ші орында тұр.