Будапештте еркін күрестен өткен турнирде Қазақстан алтын және қола жүлдегер жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Еркін күрестен өткен турнирде Қазақстан алтын және қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Taspanews ҚР ҰОК-қа сілтеме жасап.


Будапештте (Венгрия) еркін күрестен рейтингтік турнирдің бірінші күні басталып, екі қазақ балуаны жүлделі орындарға ие болды.


97 келі салмақта Әлішер Ерғали чемпион атанды. Оның қарсыласы Магомеджан Магомедов кілемге шықпай, қазақстандық алтынды қанжығасына байлады.


Дәл осы категорияда Ризабек Айтмұхан словакиялық Батырбка Цакуловты жеңіп, қола жүлдегер атанды.


Юсуп Батырмырзаев 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирді финалда аяқтап, күмісті жеңіп алып, алтыннан айырылды.