1-ақпан күні ірі қалаларда ауа-райы қандай болмақ
Фото: depositphotos.com
1 ақпан күні Қазақстанның ірі қалаларында ауа температурасы күндіз жылы болғанмен, түнде нағыз аяз орнайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астанада күндіз қар мен жаңбыр жауады, боран соғады. Батысы, шығысы мен оңтүстігіне тұман түседі. Күндіз температура -4+1 °C, түнде -18 -23 болады.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура -4-6 °C, түнде -7-9 °C . Түнде кей кездерде қар жауады, көктайғақ болады.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын байқалмайды. Күндіз температура +4+6 °C, түнде -6-8 °C. Түнде тұман түседі.