1 қазанға арналған ауа-райы болжамы
1 қарашада Қазақстанда ауа райы айтарлықтай нашарлайды. Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, салқын жел соғады, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. |
Республиканың солтүстігінде, батысында және шығысында қар және жаңбыр жауады.
Астанада күн бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын және қар жауады, сондай-ақ тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз 3-5°С нөлден жоғары болады.
Алматы жауын-шашынсыз, күні ала бұлтты. Желі әлсіз, 0-5 м/с, ауа температурасы түнде 3-5°С, күндіз 13-15°С болады.
Шымкент жауын-шашынсыз.Түнде
температура 2-4 °C, күндіз 16-18 °C шамасында.
Географиялық жағдайға байланысты еліміздің аймақтарында ауа-райы құбылыстары түрленеді. Ақмола облысында жел екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін, көктайғақ, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Ауа температурасы түнде 2°С аяздан 3°C жылыға дейін, күндіз 6°С-қа дейін көтеріледі.
Батыс Қазақстан облысы жауын-шашынсыз: облыс солтүстігі мен шығысында жауын жауады. Мұнда ауа температурасы түнде 3°С, күндіз 10°С-қа дейін ауытқиды.