10 сәуір бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels

Қазақстанның 3 ірі қаласында 10 сәуір күні ауа райы жайлы болмақ, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.


Астанада күндіз және түнде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Шаңды дауыл болады. Күндіз температура +22 +24 градус, түнде +8 +10 градус.


Алматыда күндіз және түнде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +20 +22 градус, түнде +10 +12 градус.


Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +25 +27 градус, түнде +10 +12 градус.