100 миллион теңгеден астам. Жаңадан келген қазақстандық «Металлург» спортшысының мүмкін алатын жалақысы белгілі болды

 фото на taspanews.kz от 20 июня 2024 14:23
Фото: runasport.com

Қазақстандық жас қорғаушы Валерий Ореховтың «Металлургпен» жаңа келісімшарт бойынша алатын жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды Taspanews.kz metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.


Metaratings.ru сайтының хабарлауынша, қазақстандық жас және болашағы зор қорғаушы Валерий Орехов жақында Магнитогорскінің «Металлургімен» келісімшартқа отырып, оған шамамен 30 миллион рубль (163 218 000 теңге) жалақы берген. Жасы небәрі 24-ке толған Орехов 2024/25 маусымының соңына дейін «Металлург» сапын қорғауы керек. Бұған дейін оның мансабында Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Барыс», «Адмирал» сынды командалар болған.


Ореховтың статистикасы әсерлі: ол ҚХЛ тұрақты маусымында 287 матчқа қатысып, 45 ұпай жинады (13 гол және 32 нәтижелі пас).


Следите за новостями Taspanews