11 ақпан күні ірі қалаларда ауа-райы қандай болмақ

11-ақпанда Қазақстанның ірі қалаларында күн суытып, бұлтты болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz World weather сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сай, оңтүстік Қазақстан тұрғындарын ылғалды әрі бұлтты күн күтеді, ал орталық және солтүстік облыстарда аяз бен құрғақ ауа сақталады.
Алматы
Түнде ауа температурасы -9°C дейін төмендейді, жауын-шашын ықтималдығы аз (2%), ылғалдылық 82%.
Таңертең күн -2°С дейін, күндіз ауа -1°С дейін жылынады, жауын-шашын екіталай. Кешке ауа температурасы қайтадан -5°C дейін төмендейді, ал ылғалдылық 83%-ға дейін көтеріледі. Астана
Қазақстан астанасында түнде температура -9°C, ылғалдылық 85%. Таңертең ауа температурасы -10...-13°С дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы -6°С дейін аздап көтеріледі. Кешке қайтадан -10°C дейін төмендейді, жауын-шашын болжанбады, алайда ылғалдылық жоғары (82%). Шымкент
Түнде ауа температурасы -1°C дейін төмендейді. Таңертең ауа температурасы +1°С, күндіз +2°С-қа дейін көтеріледі, жауын-шашын ықтималдығы 53% болады. Кешке ауа температурасы қайтадан -1°С дейін төмендейді, жауын-шашын мөлшері артады (60%), ылғалдылық 96% жетеді.