11 қазан бойынша ауа-райы болжамы
Астанада күн тұманды болып, жауын жауады, жел екпіні 22 м/с дейін күшейеді. Елордада сынап бағанасы түнде +8 +10 С, күндіз +10 +12С дейін көрсетеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Казгидромет сайтына сілтеме жасап.
Алматы көшпелі бұлтты, желі 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы тұрақты +10 +12°С, күндіз +22 +24°С жоғары болады.
Шымкентте күн бұлтты, жауын жауады, найзағай ойнайды. Мұнда жел 20 м/с күшейеді. Температурасы түнде +12 +14 С, күндіз +19 +21С болады.
Еліміздің батысында, Ақтауда көшпелі бұлттылық болжанады, жауын-шашын болмайды. Жел 5-10 м/с жылдамдықпен соғып, температура түнде +12 +14С, күндіз +20 +22 С аясында сақталады.
Атырау жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты, жел 6-11 м/с күшейеді. Температура түнде +7 +9 С, күндіз +17 +19 С аралығында болады.
Петропавлда қар жауып, найзағай ойнап, желдің күші 30 м/с болатын жауын-шашынға дайын болу керек. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -1 -ЗС дейін төмендейді.
Шығыста - Өскеменде аспанды бұлт басып, жаңбыр жауып, жел 14 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде сынап бағанасы +6 +8 С дейін төмендейді, күндіз қолайлы +21...+23 С дейін көрсетеді.
Қарағанды көшпелі бұлтты, жауын жауады, жел екпіні 20 м/с жетеді, температурасы түнде +9 +11 С, күндіз +12 +14 С аралығында болады.
Көкшетауда жауын-шашын, қар жауып, жел 28 м/с күшейеді деп болжанады. Мұнда күндіз ауа температурасы төмендеп, 0 +2С шамасында болады.
Қазақстанның түкпір-түкпірінде алдағы күн әртүрлі ауа райы жағдайларына толы болады, сондықтан саяхатшылар мен тұрғындар кенет өзгерістерге дайын болуы керек.