12-ақпан бойынша ауа-райы болжамы

Фото:freepik.com

Синоптиктер 12-ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде көктайғақ болып, қар жауып, жел соғады деп ескертеді. Сәрсенбіде қар жауып, бұрқасын, тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


Қарағанды ​​облысы


Облыстың батыс және орталық бөлігінде аздаған қар жауады, боран соғады, солтүстігі және шығысында жолдарда көктайғақ болады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ болады.


Батыс Қазақстан облысы


Облыстың батыс, солтүстік және оңтүстік бөлігіне тұман түседі. Оралда да тұман болады.


Алматы облысы


Алматы облысында шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Күндіз температура +1+3.


Жетісу облысы


Түнде және таңертең шығыста және тауларда тұман түседі, облыстың шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.


Ұлытау облысы


Түнде батыста және оңтүстікте, күндіз орталықта, солтүстік пен шығыста қар жауады. Жезқазғанда да қар жауып, бұрқасын болады.


Жамбыл облысы


Таулы аймақтарда және оңтүстікте – қар жауады, бұрқасын болып, тұман түседі. Қатты көктайғақ болуы мүмкін, кей жерлерде солтүстік-батыстан 20 м/с жел соғады. Таразда күндіз көктайғақ болады.


Түркістан облысы


Батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады. Шымкент пен Түркістанда – жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады.


Маңғыстау облысы


үнде және таңертең батыс, оңтүстік және шығыс бөлігінде тұман, көктайғақ болжанады. Ақтауда түнде және таңертең көктайғақ болады.


Абай облысы


Облыстың солтүстігі мен орталығында боран соғады, шығыс және оңтүстік бөліктерінде тұман түседі. Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысы солтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде бұрқасын, түнде және таңертең шығыс пен оңтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 20 м/с жел соғады.


Атырау облысы


Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі, Атырауда да осындай жағдай орын алуда. Ақтөбе облысы Түнде және таңертең облыстың солтүстік және шығыс бөлігінде тұман түседі.


Қостанай облысы


Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман, солтүстік облыстарда солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 20 м/с жетеді.


Павлодар облысы


Солтүстікте және шығыста бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан 20 м/с жел соғады. Павлодарда да ауа-райы ұқсас. Солтүстік Қазақстан облысында солтүстікте бұрқасын, оңтүстік-батысында тұман, оңтүстік-батыстан 23 м/с жел соғады. Петропавлда жел 15-20 м/с.


Астана


Түнде және таңертең тұман түседі, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 18 м/с жетеді. Ақмола облысы


Батыста, солтүстікте және оңтүстікте бұрқасын, солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі, желдің екпіні 20 м/с жетеді.


Жергілікті тұрғындарға ауа райы болжамын бақылауға кеңес беріледі.