12 наурыз бойынша ірі қалалардағы ауа райы болжамы

Фото: Pexels

Қазақстанның ірі қалаларына көктем шуағын шаша бастады, – деп хабарлайды Taspanews.kz "Қазгидромет" РМҚ сілтеме жасап.


12 наурыз күні Алматыда күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Температура +6 +8 шамасында. Түнде 0 -2 шамасында. Тұман түседі.


Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Тұман түседі. Күндіз температура -3 -5 градус, түнде -12 -14 градус.


Шымкентте ауа температурасы күндіз +12 +16 градус, түнде 0 +2 градус. Көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз.


Көктем қысты ығыстыра бастағанымен, ауа райы қолайсыздығына әрдайым дайын болуды ескертеміз.