12 желтоқсан күні ауа-райы біршама өзгеше
12 желтоқсан күні ауа-райы біршама жылынады, алайда кей облыстарда, керісінше, күн күрт суытып, нағыз қыс ызғарын әкеледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астанада ауыспалы бұлттылық болады, күн жауын-шашынсыз. Күндіз температура -8-10 °C, түнде -12-14 °C. Түнде аздаған қар жауып жаяу бұрқасын болады.
Алматыда ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Ауа-райы салыстырмалы түрде салқын. Күндіз температура -5-7 °C, түнде -13-15 °C.
Ақмола облысында күндіз температура -6-11 °C. Күндіз облыстың батысы, солтүстігінде және шығысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -9-14, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында -17 °C.
Қарағанды облысы батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, бұрқасын болады. Күндіз температура -8-13°C, облыстың шығысында -17 °C. Түнде -13-18°C, облыстың шығысында -28 °C.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз облыс солтүстігі мен шығысында қар жауады. Температура -5-10 °C. Ал түнде температура төмендеп, -8-13°C, облыстың оңтүстік-шығысында -16 °C жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз температура -10-15°C, солтүстік-батысы жылырақ. Жауын-шашын болмайды. Түнде күрт салқындап, температура -22-27 °C жетеді.
Батыс Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы -3+2°C, жауын-шашын, қар жауады. Тұман түседі. Түнде температура -2-7°C, облыстың шығысында -10 °C.
Түркістан облысында күндізгі температура -2+3°C, оңтүстік-шығысында +6 °C. Жауын-шашын болмайды. Түнде температура -11-16°C.