13 наурыз бойынша ауа райы болжамы

13 наурызда Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Алматы мен Шымкентте күн жылы, әрі ашық болады, ал Астанада түнгі уақытта жел күшейеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz OpenWeather сайтына сілтеме жасап.
Алматыда күн ашық болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 7 градусқа дейін жылыса, түнде минус 5 градусқа дейін төмендейді. Жел аздап соғады, жылдамдығы секундына 2,6 метрге жетеді. Ауа ылғалдылығы – 45%.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, алайда жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы -2 градусқа дейін көтерілсе, түнде -11 градусқа дейін суытады. Жел айтарлықтай күшті болады, жылдамдығы секундына 6,5 метрге жетеді. Елордада ылғалдылық 55%-ды құрайды.
Шымкент күні ашық, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа 17 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді. Жел аздап соғады, жылдамдығы секундына 2,7 метрге жетеді.