13 желтоқсан бойынша ауа-райы болжамы

Фото: pixabay

13 желтоқсанда Қазақстанның үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарын жауын-шашынсыз ауа-райы күтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz OpenWeather сайтына сілтеме жасап.


Бұл күні ірі қалаларда жауын-шашын болмайды, температура аймақтарға байланысты бірқалыптыдан суыққа және керісінше ауытқиды.


Жұма күні Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Дегенмен, температура айтарлықтай төмен болады. Күндіз термометр 1 градусқа дейін ғанк көтеріледі, ал түнде ауа -15 °C дейін суытады. Сонымен қатар, жеңіл жел соғады, жылдамдығы секундына 3,2 метрге жетеді.


Астанада керісінше күн бұлтты, алайда жауын-шашынсыз, қар да жаумайды. Елордада күндіз температура -2 -7 градус, түнде  -11 °C дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 8,2 метрге жетеді.


Шымкентте күн бұлтты. Жауын-шашынсыз. Желтоқсан айында елдің оңтүстігі салыстырмалы түрде жылы болады. Күндіз ауа +7 °C дейін жылыса, түнде минус төрт градусқа дейін аздап суытады. Шымкентте жел  жылдамдығы секундына 3,5 метр болады деп болжануда, бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін жұмсақ ауа-райы жағдайын жасайды.