14 қаңтар күні Қазақстанның ірі қалалырында қар мен жауын жаумайды

pixabay.com фото на taspanews.kz от 14 января 2025 08:34
Фото: pixabay.com

2025 жылдың 14 қаңтарында Қазақстанның үш ірі қаласында тұрақты ауа-райы жағдайы сақталады, – деп хабарлайды Taspanews.kz OpenWeather сайтына сілтеме жасап.


Мәліметке сай, шуақты және ашық күндер болжануда.


Астанада күн бұлтты болғанмен, жауын-шашынсыз. Күндіз сынап бағанасы минус 6 градусты көрсетсе, түнде минус 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3,9 метр болады.


Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Күндіз ауа температурасы 3 градусқа дейін көтерілсе, түнде минус 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 2,8 метр болады.


Шымкентте де, Алматыдағыдай күн ашық болады. Күндіз температура +8 градус жетеді, түнде термометрлер минус 1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 2,6 метр.


Следите за новостями Taspanews