16 қаңтар күні Қазақстанның ірі қалаларында ауа-райы қандай болмақ
2025 жылдың 16 қаңтарында Қазақстанның ірі қалаларында құбылмалы ауа-райы жағдайы болжанады, – деп хабарлайды Taspanews.kz OpenWeather сайтына сілтеме жасап.
Болжамға сай, Алматы мен Шымкентте күндіз жауын-шашын болмайды. Астанада аздаған қар жауады.
Алматыда ауа температурасы күндіз плюс 3 градусқа дейін көтерілсе, түнде - 10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 2,6 метр.
Астанада бүгін қыстың нағыз көрінісі орнайды. Елордада аздап қар жауады. Күндіз ауа температурасы -8 градус болса, түнде -11 градус дейін төмендейді. Секундына 6,7 метр жел соғады, бұл салқындық сезімін күшейтуі мүмкін.
Шымкентте күн бұлтты болғанымен, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін көтерілсе, түнде 2 градусқа дейін төмендейді. Секундына 4,3 метр жылдамдықпен жел соғады, соның есебінен күндіз аздап суытады.