16 шілдеде Үкімет отырысы өтеді

16 шілдеде Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді фото на taspanews.kz от 15 июля 2024 14:40
Фото: ҚР Премьер-Министр сайты

Үкімет үйінде 16 шілдеде Үкімет отырысы жоспарланған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер-Министрінің сайтына сілтеме жасап.


Сейсенбі күні, 16 шілдеде, сағат 10:00-де Үкімет үйінің ғимаратында Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде газ саласын дамытуға және жасанды интеллект технологияларын енгізуге қатысты мәселелер талқыланатын болады.


Отырыс соңында Үкіметтің баспасөз орталығында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Отырыс тікелей эфирде PrimeMinister.kz сайтында, YouTube-тегі ресми арнада және Facebook әлеуметтік желісінде көрсетіледі. Тікелей эфир UKIMET Telegram арнасында да қолжетімді болады  


Следите за новостями Taspanews