17 ақпан бойынша ауа райы болжамы

Shutterstock.com фото на taspanews.kz от 17 февраля 2025 08:55
Фото: Shutterstock.com

2025 жылғы 17 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды, –деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» РМК деректеріне сілтеме жасай.


Жел күшеюі, жол жүруді қиындатуы ықтимал. Синоптиктер сапар жоспарлау кезінде ауа райын ескеруді ұсынады.


Ақтөбе облысы


Облыста қар мен жаңбыр жауады деп болжануда, батыс және солтүстік аудандарда қалың қар, боран мен көктайғақ болады. Солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс және батыс бағыттардан секундына 15-20 метрге дейін соғады. Ақтөбе қаласында да жауын-шашын болады, ал түнде боран мен көктайғақ болуы мүмкін.


Түркістан облысы


Облыстың таулы аймақтарында қар жауады, ал батыс, оңтүстік бөліктерінде және тау бөктерінде тұман болады. Шымкент және Түркістан қалаларында да түнгі уақытта тұман түсуі мүмкін.


Атырау облысы


Өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын - шашын болады, кей жерлерде көктайғақ байқалады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік пен шығыс бөліктерінде тұман пайда болуы мүмкін.


Батыс Қазақстан облысы


Оңтүстік және шығыс аудандарда қар, көктайғақ және қарлы боран, батыс және солтүстік аудандарда тұман болады. Орал қаласында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.


Солтүстік Қазақстан облысы


Облыстың оңтүстігі мен батысында түнде қар мен боран болады, күндіз жауын-шашын қар, боран және көктайғақ түрінде болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Петропавл қаласында жауын-шашын, боран және көктайғақ болады деп болжануда.


Ұлытау Облысы


Облыстың солтүстік, шығыс және орталық аудандарында тұман болады деп болжануда. Жезқазған қаласында да тұман болуы мүмкін.


Ақмола облысы


Қарлы боран, көктайғақ және тұман болады. Желі оңтүстік-батыстан, екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.


Қарағанды облысы


Облыстың солтүстік және шығыс аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақытта көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Қарағанды қаласында да тұман болады деп болжануда.


Абай Облысы


Облыстың батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарында тұман түседі.


Қызылорда облысы


Облыстың орталық бөлігінде тұман болжанады.


Шығыс Қазақстан облысы


Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Өскемен қаласында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.


Маңғыстау облысы


Батыс және солтүстік аудандарда тұман мен көктайғақ болады деп болжануда. Жел бағытын оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай секундына 15-20 метрге дейін өзгертеді. Ақтау қаласында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, ал күндіз қатты жел соғады.


Қостанай облысы


Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында түнде қар мен боран, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, боран мен көктайғақ болады. Солтүстік және шығыс аймақтарда тұман пайда болуы мүмкін. Жел оңтүстік және оңтүстік-батыс, екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Қостанай қаласында түнгі уақытта қар мен боран, ал күндізгі уақытта жаңбыр мен қар, боран мен көктайғақ түрінде жауын-шашын болады деп болжануда.


Астана


Елордада қарлы боран соғады, түнде және таңертең тұман болады.. Жел оңтүстік-батыс, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.


Павлодар облысы


17 ақпаннан 18 ақпанға қараған түні және таңертең облыстың шығысы мен орталығында тұман болады деп болжануда. Павлодар қаласында да түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.


Жетісу облысы


Облыстың таулы аймақтарында тұман болуы мүмкін.


Жамбыл облысы


Оңтүстігінде және таулы аймақтарында түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман болады. Тараз қаласында түнгі және таңертеңгі уақытта көктайғақ, кейде тұман болуы мүмкін.


Следите за новостями Taspanews