18 қазанға арналған ауа-райы болжамы
Қазақстанның батысында тек жауын жауса, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар араласады. Республиканың басқа аймақтары жауын-шашынсыз, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, батыста және оңтүстікте жел күшейеді, оңтүстіктегі облыстардың кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Елдік шығыс пен оңтүстік-шығысын бөліктерінде көктайғақ болады, бұл жол қозғалысын қиындатады.
Астана көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстіктен 0-5 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде -2 С дан -4 С дейін болады, күндіз ауа температурасы 10-12 С дейін көтеріледі.
Алматы көшпелі бұлтты, түнде және таңертең тұман түседі, жауын-шашынсыз.
Ауа температурасы түнде 1-3 С, күндіз 9-11 С.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 2-4 С, күндіз 16-18 С.
Алайда, оңтүстіктегі облыстарда түнде шаңды дауыл соғады, дегенмен күндіз ауа температурасы бірқалыпты.