18 қазаннан бастап виза беруде жаңа ережелер енгізіледі

Фото: Pexels

Елге келушілер, саяхатшылар мен мамандарға қолайлы жағдай туғызу үшін виза мәселесіне көңіл аударылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР СІМ сілтеме жасап.


Енгізілген өзерістер қатары:


-  "В9" визасы – сұранысқа ие кәсіби мамандарды әрі қарай елде қалдыруға бағытталған;


- Digital Nomad Visa – IT мамандарына арналған бір реттік немесе тұрақты тұруға арналған виза;


- Neo Nomad Visa – айына 3000 АҚШ доллар табысты растаса, көп уақытқа қалуға болатын туристік виза енгізіледі.


Сонымен қатар, С5 визасы үшін қойылатын талап азайды. Одан бөлек, некелі жұптардың қайта қосылу визасы үшін мерзім 3 жылдан 1 жылға азайды.


Жаңа өзгерістер инвестицияларды көбейту, халықаралық ынтымақтастықты жүргізу, кәсіби мамандарды тарту, Қазақстанды туристер мекеніне айналдыру үшін мақсатты түрде енгізілуде.