18 желтоқсан бойынша ірі қалалардағы ауа-райы болжамы

Фото: Pixabay.com

18 желтоқсанда Қазақстанның ірі қалаларының тұрғындары ауа-райының түрлі құбылыстарына тап болады. Болжам бойынша Астана мен Шымкентте қар жауады, Алматыда ауа температурасы нөлден жоғары болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz OpenWeather сайтына сілтеме жасап.


Алматыда бүгін күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы 3 градусқа дейін көтерілсе, түнде термометр бағаны -13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3,2 метрге жетеді.


Астанада, керісінше, қар түріндегі аздаған жауын-шашын болады. Күндіз ауа температурасы минус 5 градуста сақталады, түнде 12 градус аязға дейін төмендейді. Елордада жел әлдеқайда күшейіп, оның жылдамдығы секундына 8,2 метрге жетеді.


Шымкент те қар жамылғысының астында. Қалада күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін көтерілсе, түнде - 4 градусқа дейін төмендейді. Жел секундына 3,7 метр секунд болады.