19 қараша бойынша ауа-райы болжамы
Қазақстан бойынша ауа-райы біршама өзгерістерге ұшырауда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз, желі 1-6 м/с. Түнде аязды температура -13...-15 С, күндіз -3...-5 С құрайды.
Алматыда күн бұлты, жауын-шашынсыз, желі 2-7 м/с. Сынап бағанасы түнде +1...+3 С, күндіз +11...+13 С көрсетеді.
Шымкентте де бұлттылық байқалады, жауын-шашын жауып, жел 8-13 м/с құрайды. Түнде температура +5...+7С, күндіз +15...+17 С көрсетеді.
Ақтауда жаңбыр жауып, жел екпіні 7-12 м/с жетеді. Түнде +2...+4С, күндіз +7...+9С температура орнайды.
Ақтөбеде бұлт шығады, алайда жауын-шашын байқалмайды, жел екпіні 3-8 м/с. Түнде температура -3...-5С, күндіз 0...+2С құрайды.
Атырау жауын-шашынсыз, желі 5 м/с жылдамдықпен күшейеді. Түнде ауа температурасы 0...+2С, күндіз +6...+8 С көрсетеді.
Жезқазған да жауын-шашынсыз, желі 5-10 м/с. Түнде температура 4...-6С, күндіз +1...+3С.
Қарағандыда қар жауады, желі 2-7 м/с жетеді. Түнде температура 12...-14 С, күндіз -1...+1С.
Көкшетауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Түнде -4...-6С, күндіз -1...+1С.
Қонаев жауын-шашынсыз, желі 9-14 м/с. Түнде температура 0...+2С, күндіз +11...+13С.
Қостанай жауын-шашынсыз, желі 5-10 м/с. Түнде температура -4...-6С, күндіз 0...-2С.
Қызылордада көшпелі бұлт жүреді, жауын мен қар жауады, желі 7-12 м/с. Түнде температура +1...+3С, күндіз +8...+10С. Облыс орталығында жауын-шашын, жаңбырдың қарға айналуы, солтүстік пен орталықта бұрқасын күтіледі.
Павлодарда бұлт шығады, алайда жауын-шашынсыз, желі 3-8 м/с. Түнде температура -8...-10, күндіз 0...-2 градус.
Петропавл бұлтты, жауын-шашынсыз, желі 9-14 м/с дейін күшейеді. Түнде температура -4...-6С, күндіз 0...-2С.
Семей бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Түнде температура -7...-9С, күндіз 0...+2С.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз, желі 5 м/с күшейеді. Түнде температура -2...-4С, күндіз +10...+12С.
Таразда көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с. Түнде температура +2...+4С, күндіз +14...+16С. Облыстың таулы аймақтарында көктайғақтан сақ болған жөн.
Түркістанда жауын-шашын жауып, 8-13 м/с жел тұрады. Түнде температура +3...+5С, күндіз +13...+15С.
Оралда жауын-шашынсыз, желі 9-14 м/с жетеді. Түнде температура 0...-2С, күндіз +2...+4С. Облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ қаупі бар.
Өскемен де жауын-шашынсыз, желі 1-6 м/с. Түнде температура −5...-7C, күндіз +1...+3C.