19 қараша бойынша ауа-райы болжамы

Фото: pixabay

Қазақстан бойынша ауа-райы біршама өзгерістерге ұшырауда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз, желі 1-6 м/с. Түнде аязды температура -13...-15 С, күндіз -3...-5 С құрайды.


Алматыда күн бұлты, жауын-шашынсыз, желі 2-7 м/с. Сынап бағанасы түнде +1...+3 С, күндіз +11...+13 С көрсетеді.


Шымкентте де бұлттылық байқалады, жауын-шашын жауып, жел 8-13 м/с құрайды. Түнде температура +5...+7С, күндіз +15...+17 С көрсетеді.


Ақтауда жаңбыр жауып, жел екпіні 7-12 м/с жетеді. Түнде +2...+4С, күндіз +7...+9С температура орнайды.


Ақтөбеде бұлт шығады, алайда жауын-шашын байқалмайды, жел екпіні 3-8 м/с. Түнде температура -3...-5С, күндіз 0...+2С құрайды.


Атырау жауын-шашынсыз, желі 5 м/с жылдамдықпен күшейеді. Түнде ауа температурасы 0...+2С, күндіз +6...+8 С көрсетеді.


Жезқазған да жауын-шашынсыз, желі 5-10 м/с. Түнде температура 4...-6С, күндіз +1...+3С.


Қарағандыда қар жауады, желі 2-7 м/с жетеді. Түнде температура 12...-14 С, күндіз -1...+1С.


Көкшетауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Түнде -4...-6С, күндіз -1...+1С.


Қонаев жауын-шашынсыз, желі 9-14 м/с. Түнде температура 0...+2С, күндіз +11...+13С.


Қостанай жауын-шашынсыз, желі 5-10 м/с. Түнде температура -4...-6С, күндіз 0...-2С.


Қызылордада көшпелі бұлт жүреді, жауын мен қар жауады, желі 7-12 м/с. Түнде температура +1...+3С, күндіз +8...+10С. Облыс орталығында жауын-шашын, жаңбырдың қарға айналуы, солтүстік пен орталықта бұрқасын күтіледі.


Павлодарда бұлт шығады, алайда жауын-шашынсыз, желі 3-8 м/с. Түнде температура -8...-10, күндіз 0...-2 градус.


Петропавл бұлтты, жауын-шашынсыз, желі 9-14 м/с дейін күшейеді. Түнде температура -4...-6С, күндіз 0...-2С.


Семей бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Түнде температура -7...-9С, күндіз 0...+2С.


Талдықорғанда жауын-шашынсыз, желі 5 м/с күшейеді. Түнде температура  -2...-4С, күндіз +10...+12С.


Таразда көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с. Түнде температура +2...+4С, күндіз +14...+16С. Облыстың таулы аймақтарында көктайғақтан сақ болған жөн.


Түркістанда жауын-шашын жауып, 8-13 м/с жел тұрады. Түнде температура +3...+5С, күндіз +13...+15С.


Оралда жауын-шашынсыз, желі 9-14 м/с жетеді. Түнде  температура 0...-2С, күндіз +2...+4С. Облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ қаупі бар.


Өскемен де жауын-шашынсыз, желі 1-6 м/с. Түнде температура −5...-7C, күндіз +1...+3C.