«2-3 жыл сайын көлік жаңартамыз»: Мөлдір Әуелбекова әкесіне көлік сыйлады
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әкесіне көлік сыйлады. Өнер иесі әкесіне тосынсый жасап, көлік кілтін табыстады. Бұл туралы Taspanews.kz Мөлдір Әуелбекованың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әншінің сөзінше, ол әкесін үйіне асқа шақырып, оған тосыннан сыйлық жасаған. Әуелбекова 2-3 жыл сайын асқар тау әкесінің көлігін жаңартып тұратыны жайлы да айта кетті.
«Осылай әрқайсысыңызға себепсіз ата-аналарыңызды қуанту бұйырсын. Есеп бойынша нешінші көлік екенін білмеймін, 2-3 жыл сайын жаңартамыз. Бешбармақ осы. Үйге тамаққа шақырып, сәйгүлік мінгізіп жібердік! Әрбірімізге көз қуаныштарымызды себепсіз, жиі-жиі қуантуымызды бұйырсын!», – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.