«2 млн теңгеден асады»: Жұлдыз Өмірғали тойдағы образына қанша ақша жұмсағанын айтты

Фото: Видеодан скриншот instagram.com/zhuldyzomirgali_official

Қазақстандық танымал жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали 9 жылдан кейін тойларын дүркіретіп өткізді. Жұлдыз Өмірғали тойдағы образы туралы «Revue News» бағдарламасында айтып берді. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды. 


Әншінің сөзінше, неке жүзігінің өзі 600 мың теңге тұрады.


«Тойға екі көйлек дайындадым. Менің идеямды қолдаған Аруназ сән үйінің қыздарына алғыс білдіремін. Назым Карпыкова ойымдағы екі көйлекті тігіп берді. Көйлектің жиегіне Айқынның әндерінің сөздерін жаздым. Екеуінің де бағасы арзан емес. 2 миллион теңгеден асады. Неке жүзігін де арнайы гауһар тастарымен таңдадым. 9 жыл бүрын неке жүзігін де тақтым. Қасына бүгінгі тойда тағылған жүзікті де тағып алдым. Оның бағасы – 600 мың теңге. Бізде бал айы емес, бал аптасы болады. Бір аптадан кейін Дубай қаласына ұшамыз», - деді Жұлдыз Өмірғали.  


Пост из социальной сети