2 желтоқсан бойынша ауа-райы болжамы

Фото: pixabay.com

2 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде көшпелі бұлт жүреді. Бірқатар қалаларды тұман басып, көктайғақ болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


Астанада түнде ауа температурасы 11...-13 градусқа дейін төмендейді, күндіз -4...-6 градус болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.


Алматыда жауын-шашын, қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде ауа температурасы 0-ден -2 градусқа дейін ауытқиды, күндіз +3...+5 градусқа дейін жылы болады.


Шымкентте де жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 0...-2 градус жылы, күндіз ауа +3...+5 градус.


Көкшетауда тұрғындарын аязды ауа-райы күтуде. Түнде ауа температурасы -10...-12 градус, күндіз -4...-6 градусқа дейін төмендейді.


Қонаевта түнде температура 0...-2 градус, күндіз +3...+5 градусқа жетеді.


Талдықорғанда температура түнде -7...-9 градус, күндіз 0...+2 градус болады


Түркістанда өткінші жауын-шашын, қар, көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +3...+5 болады деп болжануда.


Оралда түнде температура -3...-5 градус, күндіз 0...+2 градус болады.


Атырауда түнде ауа температурасы 1 градустан 3 градусқа дейін ауытқиды, күндіз +1...+3 градус болады.


Ақтауда түнде температура 0...-2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.


Ақтөбеде түнде -5...-7 градус аяз болса, күндіз термометрлер 0, -2 градусты көрсетеді.


Қостанайда түнде ауа температурасы -10 -12 градусқа дейін төмендейді, күндіз -3...-5 градус болады.


Петропавлда бұдан да суық болады. Түнде ауа температурасы -13...-15 градусқа дейін төмендесе, күндіз -6...-8 градус болады.


Павлодарда түнде температура -10...-12 градус, күндіз -5...-7 градус болады.


Қарағандыда ​​түнде температура -3...-5 градус, күндіз 0...-2 градус болады.


Жезқазғанда түнде температура -5...-7, күндіз -2...-4 градус болады.


Өскеменде өткінші жаңбыр жауып, қар жауады. Түнде ауа температурасы 1 градус шамасында, күндіз +1 градусқа дейін жылы болады.


Семейде қар жауады, ауа-райы құбылмалы. Түнде температура -7...-9 градус, күндіз -3...-5 градус болады.


Қызылордада түнде ауа температурасы 1...-3 градус, күндіз 0...+2 градус болады.


Таразда қар және жауын-шашын жауады. Түнде  температура 0…+2 градус, күндіз +3…+5 градус.