20 желтоқсанда Қазақстан аумағында боран мен көктайғақ болады

Синоптиктер 19-20 желтоқсанда Қазақстанның түрлі аймақтарында болатын қолайсыз ауа-райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тұрғындарға саяхатты жоспарлау кезінде сақтық шараларын сақтап, ауа-райы болжамын тескеру ұсынылады.
Дауылды ескертулер келесі аймақтар бойынша жасалды:
Қостанай облысы
19 желтоқсан сағат 20:00-ден 20 желтоқсан 20:00-ге дейін түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстік пен шығыста бұрқасын болады. Облыстың солтүстігіне тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, шығыс пен оңтүстікте екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысы
20 желтоқсанда сағат 08:00-ге дейін түнде және таңертең облыстың батыс, солтүстік және орталық аймақтарында көктайғақ болжанады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан, солтүстікте, шығыста және облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады, түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін.
Түркістан облысы
19 желтоқсанда кешке және 20 желтоқсан 20:00-ге дейін түнде және таңертең таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел кей жерлерде екпіні секундына 28 метрге жетеді. Шымкентте нөсер жауын жауып, көктайғақ болып, жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысы
20 желтоқсан күні кешке дейін таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қалың қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігіне тұман түсуі мүмкін. Таразда көктайғақ, бұрқасын, жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Атырау облысы
20 желтоқсан күні таңертеңге дейін облыстың шығысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде секундына 20 метрге дейін жетеді. Атырауда түнде жел күшейеді деп болжанады.
Қызылорда облысы
19 желтоқсанның кешінен 20 желтоқсан кешіне дейін облыста бұрқасын, көктайғақ, секундына 20 метрге дейін екпінді жел болжануда. Қызылордада түнде және таңертең дәл осындай ауа-райы сақталады.
Ақмола облысы
Мұнда боран, көктайғақ, екпіні секундына 15-20 метр болатын жел болжанады. Астанада қар жауып, көктайғақ болып, жел соғады.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Оралда 20 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысы
20 желтоқсанда күндіз Қарағанды облысының батысында кей жерлерде қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қарлы боран соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Қарағандыда қарлы боран болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы
20 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болжанады. Батыста оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
Қар қалың жауып, бұрқасын, тұман түсуі мүмкін.
Ұлытау облысы
Облыстың шығысында кей жерлерде қалың қар жауады. Боран. Солтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын жел шығыста және облыс орталығында 15-20 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда қарлы боран соғады. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
20 желтоқсанда күндіз облыстың батысында және солтүстігінде бұрқасын болжанады.
Жетісу облысы
20 желтоқсанда облыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады. Түнде батыс жақта, күндіз облыстың таулы аймақтарында бұрқасын болуы мүмкін. Талдықорғанда жер тайғақ болады.