2024 республикалық маңызы бар жолдар 700 мың тонна қоқысқа толған

ҚазАвтоЖол фото на taspanews.kz от 04 апреля 2025 09:51
Фото: ҚазАвтоЖол

2024 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдардың жиегінен, жол бойынан, демалыс алаңдары мен автопавильондардан 700 мың тонна қоқыс табылып, тазаланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ сілтеме жасап.


Шамамен есептегенде күніне 2 500 тонна қоқыс тасталған. Жалпы ауданы 400 млн шаршы метр аумақ тазартылды. Осы арқылы қолайлы қозғалысты қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту мүмкін болды.


«Әр автокөліктен тасталған немесе жол бойына қалдырылған заттар жол қызметіне қосымша жүктеме түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіретінін ескерген жөн. Қоқысты тастамауға және табиғатты аялауға шақырамыз», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews