2024 жылы Қазақстанда инватаксиді пайдалану күрт өсті
Қазақстанда инватаксидің танымалдылығының нәтижесінде қызметтер екі есе көп көрсетіле бастады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
2024 жылғы көрсеткіштер бойынша такси-агрегатор қызметтері 114 мың рет қолданылған. Бұл статистика Астана мен Алматыда басталған инватаксилік пилоттық бағдарламаның нәтижесінде жүзеге асты. Салыстырмалы түрде, өткен жылы бұл қызмет түрі 53,9 мың рет пайдаланылған. Еске салсақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау мақсатында инватакси қарастырылған.
Өткен жылы Қазақстанда осы қызметті ұсынуда елеулі өзгерістер орын алды: тасымалдау такси-агрегаторларды іске тартудың арқасында жеңілдеді. Жобаның маңызды сәттерінің бірі сапар үшін комиссия алынбауы болды. Қазіргі уақытта пилоттық жобаға екі ірі қаладан – Астана мен Алматыдан арнайы бағытталған "фокус-группа" жұмылдырылған.