2024 жылы Қазақстанға көшіп келушілер саны 15,3%-ға артты

P фото на taspanews.kz от 13 марта 2025 18:16
Фото: Pexels

2024 жылы Қазақстанға көшіп келушілер саны 15,3%-ға артты2024 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 29 282 адам келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп, – деп хабарлайды Taspanews.kz QazStat сілтеме жасап.


Ал елден кеткендер саны 12 732 адамды құрады. Осылайша, көші-қон сальдосы қатарынан екінші жыл оң көрсеткішке ие болып, 16 550 адамға жетті. Келгендердің 81,6%-ы ТМД елдерінен болды.


Шетелден қоныс аударғандар негізінен Алматы қаласын (6 260 адам), сондай-ақ Алматы (4 788) және Маңғыстау (3 680) облыстарын таңдаған.


Следите за новостями Taspanews