2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін лицензия алу қажет

Pexels фото на taspanews.kz от 10 декабря 2024 09:54
Фото: Pexels

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізіледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


Әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында жүзеге асатын лицензиялау бұзушылықтарды жою мен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.


“Бұл орайда өткен жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бірінде мүгедектігі бар балалардың тағамнан уланып, тіпті адам шығыны орын алған қайғылы оқиғаны еске түсірсек жеткілікті. Жүргізілген кешенді тексеру нәтижелері бойынша осы ұйымда мүгедектігі бар балалардың құқықтары өрескел бұзылғаны анықталды: тұрмыстық қызметтер толық көлемде көрсетілмеген; төсек-орын, киім және аяқ киім берудің минималды нормалары сақталмаған; скринингтік тексерулер жүргізілмеген; тамақтану нормалары бұзылған”,  – ӘҚСРБ комитеті төрағасы.

АӘК біріңғай стандарттар енгізу үшін және қызметке мұқтаж адамдардын құқығын қорғау мақсатында қолға алынды.


Лицензия алудың негізі шарттары:


санитарлық және өрт қауіпсіздік ережелері сақталған ғимараттың болуы;


қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі;


ұжымда қызметкерлердің жеткілікті болуы;


іс-қимыл жасау қиындық туғызатын аз қимылдайтын адамдар үшін ғимараттың қолжетімді болуы.


Следите за новостями Taspanews