2025 жылы Қазақстан армиясына екі мың резервтегі жауынгер шақырылады

istockphoto.com фото на taspanews.kz от 22 января 2025 14:38
Фото: istockphoto.com

ҚР Парламентінің төменгі палатасы екінші оқылымда армияны құрудың жаңа формасын енгізетін заң жобасын мақұлдады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл бастама елдің қарулы күштерінің дайындығын арттыруға бағытталған. Заңнамалық түзетулер армияның жауынгерлік әзірлігін арттыратын және қажет болған жағдайда жұмылдыруды жеделдететін резерв жүйесін құруды көздейді.


«Бұл ретте жұмысқа қабылдаудың басты қағидаты – оның ерікті түрде болатыны. Резервші болғысы келетіндерге мынадай талаптар қойылады: офицерлер үшін 60 жасқа дейін, сержанттар мен сарбаздар үшін 50 жасқа дейін жас шектеуі және денсаулық жағдайына қойылатын талаптарға сай болуы керек. Резервшілер тұрғылықты жерінде орналасқан әскери бөлімдерде дайындықтан өтеді», – деп түсіндірді парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметі.

Жаңа жүйе азаматтарды үнемі қарулы күштер қатарында болмай-ақ әскери борышын өтеуге дайындауға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, Қазақстанның әскери доктринасы бейбіт уақытта да ықтимал қауіптер мен агрессияларға тойтарыс беруге әскерді дайындауды көздейді. Резервтік қызметті енгізу халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және қазірдің өзінде бірқатар ТМД елдерінде және басқа да шет елдерде сәтті қолданылып келеді.


«Резервтік қызметті енгізу 2025 жылға жоспарланған. Бастапқы кезеңде Қорғаныс министрлігі еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға жуық ерікті жинауды жоспарлап отыр. Болашақта әскерге шақыру әскер қажеттілігіне байланысты реттелетін болады»,   – делінген ресми ақпаратта.

Следите за новостями Taspanews