2025 жылы Қазақстанға келетін қандастар саны мәлімденді

Фото: gov.kz

2025 жылы Қазақстан 9653 қоныс аударушы мен қандастарды қабылдауды жоспарлауда, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 170 адамға артқан, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қандастардың тарихи отанына оралуын белсенді түрде қолдап келеді. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан көмек пен қолдауға ие болып, 1 148 000-нан астам кандас елге оралды. Қоныс аударушыларды аймақтар бойынша біркелкі бөлуді қамтамасыз ету үшін квоталар белгіленді.


«Павлодар облысына – 1056, Ақмола облысына – 285, Шығыс Қазақстан облысына – 269, Абайға – 244, Солтүстік Қазақстанға – 175, Қостанайға – 150, Атырауға – 100, Батыс Қазақстан облысына – 30 қандас келеді», – делінген ведомство хабарламасында.

3050 адам Павлодар облысына, 2969-ы Солтүстік Қазақстан облысына, 535-і Қостанайға, 372-сі Шығыс Қазақстанға, 255-і Абайға, 125-і Ұлытауға, 38-і Қарағандыға көшуді жоспарлап отыр.


«Өңірлік квота тиесілі қандастардың барлығына мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (шамамен 275 мың теңге) көлемінде қоныс аударуға субсидия беріледі. Тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді өтеу үшін тұрғылықты жеріне қарай ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін (59-118 мың теңге) төленеді»  – деп мәлімденді ЕХӘҚМ мәлімдемесінде.

Мемлекет 400 АЕК (1,5 млн теңге) көлемінде субсидия бөлу арқылы кандастардың қоныс аударуына және жұмысқа орналасуына ықпал ететін жұмыс берушілерді ынталандырады. Қоныс аударған адамдарды еңбек нарығына бейімдеу үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары да ұйымдастырылады. Кандастар жұмыс іздеуде немесе өз ісін ашуда көмек алып келуде, сонымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаттарын пайдалана алады.


Министрлікте келтірілген мәліметке сай, 2024 жылы ресми түрде қандас мәртебесін алған 19,7 мыңнан астам адам Қазақстанға оралды.