2026 жылы "Болашақтың ойындары" Қазақстанда өтеді

Фото: ҚР ТСМ

13 қазанда Қазақстан дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін — Phygital Games of the Future 2026 турнирын өткізетін ел ретінде ресми түрде таңдалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


2026 жылы "Болашақтың ойындарын" өткізу құқығы үшін үш ел күрескен. Олар – Қазақстан, Перу және Чили.


Турнирге қатысушылар физикалық және сандық форматтарды біріктіретін бағдарламалар бойынша жарысады.


Турнир 2025 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде, ал 2026 жылы Астанада өтеді.


"Елде киберспорттың дамуына аса үлкен қолдау көрсетіледі. 2018 жылдан бастап 140-тан астам турнир өткізіліп, оған 40 мыңнан астам спортшы қатысты. Біз "Болашақтың ойындарын" сәтті өткізуге бар күшімізді саламыз", – деді ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілі.