21-ақпан күні ірі қалаларда ауа температурасы жоғарылайды
Фото: Pexels
21-ақпанда ауа-райы болжамы біршама қолайлы көрсеткіштерге ие, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды, тұман түседі. Температура күндіз -4 -5 С. Түнде -15 -17 С.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, таңертен тұман болады. Күндіз температура +5 +7 С. Түнде -3 -5 C.
Шымкентте күндіз температура +14 +16 С шамасында. Көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Түнде температура -1 +1С.